Қаңтар оқиғасынан кейін билікке таласуға дайын екенін мәлімдеген партиялар мен саясаткерлердің жағдайы не болды? Кейінгі жылдары билікті жақтайтын үш саяси партия ғана тіркеуден өте алды, қазір Қазақстан шынымен оппозиция бола алатын партиясы жоқ парламент сайлауына жақын. Партия құруға талпынған соңғы саясаткер - Санжар Боқаев. Ол да қылмыстық қудалауға ұшырады. 26 рет тіркеуден өте алмаған «Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясы. Бастамашыл топтың тізімінде қайтыс болған адамдар мен кәмелетке толмағандар бар деген желеумен тіркеуден өте алмады. Қазақстанда белсенділік танытып келген тағы бір тіркелмеген партия — «Атажұрт». Оның белсенділері араздық тудыру бабымен бес жылға бас бостандығынан айырылды. Демократиялық партия да тіркеле алмады. 2020 жылдан бері саясаткер Нұржан Әлтаев та партиясын тіркеуге тырысып көрді. Кейін ол пара алды деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.