▫️2026 жылы Қазақстан статистикасына – 106 жыл! ▫️Осы уақыт ішінде қоғам да, экономика да, әрине, статистиканың өзі де түбегейлі өзгерді. Заман ағымына қарай жұмыс тәсілдері, құралдар мен технологиялар да жаңарып отырды. ▫️Бір кездері статистиктердің жұмысы қағаз бланкілерді толтырудан, есептеулерді қолмен жүргізуден және көлемді мұрағаттармен жұмыс істеуден басталатын. Ал бүгінгі таңда бұл – цифрлық платформалар, деректерді автоматтандырылған түрде жинау, жасанды интеллект, үлкен деректер және заманауи аналитикалық құралдар. ▫️Алайда ең басты құндылықтар өзгеріссіз қалды. Олар – дәлдік, объективтілік және деректерге деген сенім. Әрбір санның артында үлкен еңбек, жоғары жауапкершілік және ел статистикасын күн сайын қалыптастырып жүрген мамандардың кәсібилігі тұр. ▫️Біздің міндетіміз – заман ағымынан қалыс қалмай, болашақтың статистикасын қалыптастыру. Ол дәл, заманауи, түсінікті әрі әрбір адамға қолжетімді болуы тиіс. Сенімге ие, маңызды шешімдер қабылдауға негіз болатын және Қазақстанның алға қарай дамуына ықпал ететін статистиканы дамыту – біздің басты мақсатымыз. 🎊106 жылдық тарих статистиканың елмен бірге өзгеріп, дамитынын дәлелдеді. Алда бізді бұдан да зор мүмкіндіктер, жаңа жетістіктер мен ауқымды мақсаттар күтіп тұр!
Qazstat
Subscribers
2.7K
+0 24h
Reach per post (ERR)
17.2%462 avg views
Posting
2.7/day
last 4 hours ago
Reactions per 1K views
3.9
👍 🔥 👏
Views over time
| When | Views |
|---|---|
| 6 Nov 2026, 04:20 | 0 |
| 12 Nov 2026, 16:49 | 316 |
Who shared this post
Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)
Nobody yet.