Qazstat

@stat_gov_kz_official · Kazakh · active

Subscribers 2.7K Subscribers, last 30 days: 2.7K → 2.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 17.2%462 avg views
Posting 2.7/day last 4 hours ago
Reactions per 1K views 3.9 👍 🔥 👏

📊ҚАЗАҚСТАНДА СТАТИСТИКА КҮНІ НЕЛІКТЕН 8 ҚАРАШАДА АТАП ӨТІЛЕДІ? ▫️8 қараша – өмірін мемлекеттік статистика саласымен байланыстырған барша маман үшін ерекше күн. Дәл осы күні, 1920 жылы Қазақстанның бірыңғай статистика жүйесінің тарихы бастау алды. ▫️Оған дейін статистикалық деректерді жекелеген облыстық комитеттер – Орал, Семей, Ақмола және Торғай комитеттері жинаған болатын. Алайда бұл жұмысты бүкіл республика деңгейінде үйлестіретін бірыңғай орталық болған жоқ. ▫️Бәрі 1920 жылғы 8 қарашада өзгерді. Қазақ АКСР-інің Үкіметі «Қазақ АКСР-індегі мемлекеттік статистика туралы ережені» бекітіп, Статистика басқармасын құрды. Бұл республикадағы мемлекеттік статистиканың алғашқы орталық органы болды. ✅Осылайша Қазақстанның ұлттық статистикасының тарихы басталды. ▫️1998 жылы 8 қараша ресми түрде кәсіби мереке болып белгіленді. Содан бері бұл күні ел дамуының нақты көрінісін қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосып жүрген статистика саласының мамандарына құрмет көрсетеміз. ⬇️⬇️⬇️

Views over time

02004006 Nov 04:2012 Nov 16:493766 Nov 04:20: 0 views12 Nov 16:49: 376 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
6 Nov 2026, 04:200
12 Nov 2026, 16:49376

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.