🇰🇿 Қазақстан Қытайда деректер экономикасын дамыту тәжірибесін таныстырды Global Data Ecosystem Conference 2026 халықаралық конференциясында Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Еркебұлан Иембердиев Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымды дамыту, деректер нарығын қалыптастыру және ресми статистикада деректердің жаңа көздерін енгізу бағытындағы тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастығына және тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Конференцияға мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің және халықаралық сарапшылар қауымдастығының шамамен 1 000-ға тарта өкілі қатысты. Толығырақ оқу