Қанша жылумен жабдықтау нысаны пайдалануға берілді? Қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда жалпы қуаты 56 Гкал/сағ болатын 7 қазандық пайдалануға берілді. Оның ішінде Ақмола және Алматы облыстарында екі қазандықтан, Қарағанды және Түркістан облыстарында бір-бір қазандықтан іске қосылды. Абай облысында қуаты 23,5 Гкал/сағ болатын ең қуатты қазандық пайдалануға берілді. Аталған жылумен жабдықтау нысандарының жалпы құны 8,6 млрд теңгені құрады.