Бюрода Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті Іс-шара аясында жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілердің ант беру рәсімі өтіп, Бюро қызметкерлері «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды және жас мамандардың ата-аналарына алғыс хаттар табысталды. Шара аясында Бюроның үш қызметкері «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталды. Олардың қатарында Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаментінің Ішкі сауда статистикасы басқарма басшысы Салтанат Каирбекова, Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаментінің директоры Елнур Бекбердиев және «Ақпараттық-Есептеу Орталығы» РМК директоры Кайрат Кипатов бар. Толығырақ оқу