🎊2010 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы статистиканың қоғам өміріндегі маңызын және елді сенімді деректермен қамтамасыз етіп жүрген мамандардың еңбегін атап өту мақсатында Дүниежүзілік статистика күнін белгіледі. Статистика – қоғамдағы өзгерістерді бағамдауға, қол жеткізген нәтижелерді саралауға және дұрыс шешім қабылдауға негіз болатын маңызды құрал. Ал әрбір сапалы деректің артында кәсіби біліктілік, жауапкершілік пен қажырлы еңбек тұр. Статистикаға деген сенім ең алдымен деректердің сапасына байланысты. Ал сапалы дерек статистика мамандарының, респонденттердің және осы үдеріске қатысатын барша тараптың бірлескен еңбегінің нәтижесі. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы осы атаулы күнмен статистика саласында еңбек етіп жүрген барша маманды құттықтайды! Ортақ істің өркендеуіне үлес қосып, өзара сенім мен серіктестікті нығайтуға атсалысып жүрген әріптестерімізге, халықаралық серіктестерге, респонденттер мен статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға алғыс білдіреміз!