Қыркүйек айында 170,1 мың автокөлік есепке қойылды 2026 жылғы қыркүйекте Қазақстанда 170 141 автокөлік құралы есепке қойылды. Ай ішінде тіркелген көліктердің құрылымында жеңіл автомобильдер – 87,9%, жүк автомобильдері – 6,1%, тіркемелер – 2,7%, автобустар – 0,8%, мотоциклдер – 0,6% және басқа да автокөлік құралдары 1,9% құрады. Пайдаланылатын отын түрі бойынша: бензинмен жүретін – 133 956 көлік құралы (жалпы санның 78,7%-ы); дизель отынымен жүретін – 11 703 көлік құралы (6,9%); газбаллонды отынмен жүретін – 752 көлік құралы (0,5%); аралас отын түрімен жүретін – 14 347 көлік құралы (8,4%); электр қуатымен жүретін – 3 304 көлік құралы (1,9%); отын түрі көрсетілмеген – 6 079 көлік құралы (3,6%). 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша елімізде тіркелген автокөлік құралдарының жалпы саны 6 114,6 мың бірлікке жетті. Толығырақ оқу