Qazstat

@stat_gov_kz_official · Kazakh · active

Subscribers 2.7K Subscribers, last 30 days: 2.7K → 2.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 17.2%463 avg views
Posting 2.7/day last 6 hours ago
Reactions per 1K views 3.9 👍 🔥 👏

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы қаңтар-тамыз айларында өндіріс көлемі 122,3 мың тоннаны құрады. 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында күріштің ішкі нарықтағы өткізу көлемі 70,5 мың тоннаны құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға артты. 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында күріш экспорты 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,3%-ға өсті. Сыртқы нарықтарға жеткізу көлемі 70,9 мың тоннадан 88,8 мың тоннаға дейін артып, экспорт құны 24,7 млн АҚШ доллары деңгейінде сақталды. Негізгі экспорт бағыттары – Ауғанстан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан. Күріш экспортының көлемі 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында импорт көлемінен 18 есе жоғары болды. 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында күріш импорты 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,7%-ға төмендеді. ⬇️⬇️⬇️

Views over time

02004006007 Oct 07:2912 Nov 16:495417 Oct 07:29: 0 views12 Nov 16:49: 541 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
7 Oct 2026, 07:290
12 Nov 2026, 16:49541

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.