Qazstat

@stat_gov_kz_official · Kazakh · active

Subscribers 2.7K Subscribers, last 30 days: 2.7K → 2.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 17.2%463 avg views
Posting 2.7/day last 6 hours ago
Reactions per 1K views 3.9 👍 🔥 👏

Қазақстан статистикасы қалай дамиды? Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев «Ұлттық статистика жүйелерін дамыту: халықаралық стандарттар мен технологиялық сын-қатерлер» атты панельдік сессия барысында айтты. Оның айтуынша, статистиканы дамыту әкімшілік және баламалы деректерді кеңінен пайдалану, процестерді автоматтандыру және жасанды интеллектіні қолдану арқылы жүзеге асады. Бизнес мемлекетке бір деректі бірнеше рет емес, бір рет қана ұсынуы тиіс. Ал ақпараттың сапасы дереккөзден бастап түпкі нәтижеге дейінгі бүкіл өмірлік циклі бойы бақыланады. Пайдаланушы тек деректерді ғана емес, дайын цифрлық өнімдерді – визуализация, талдау және ақпаратпен жұмыс істеуге арналған ыңғайлы құралдарды да алады. «Ең бастысы – бұл өзгерістердің барлығы өлшенетін болуы керек. Сондықтан трансформацияның әр бағыты бойынша нақты KPI, іске асыру мерзімі және жауапты тұлға белгіленуі тиіс», – деді Мақсат Тұрлыбаев.

Views over time

02004006 Oct 12:0312 Nov 16:494326 Oct 12:03: 0 views12 Nov 16:49: 432 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
6 Oct 2026, 12:030
12 Nov 2026, 16:49432

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.