Бюро деректер жинау тәсілін өзгертеді «Бір рет жинау – бірнеше рет пайдалану» қағидаты – Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев «Ұлттық статистикалық жүйелерді дамыту: халықаралық стандарттар мен технологиялық сын-қатерлер» атты панельдік сессияда таныстырған жаңа тәсіл. Бірыңғай жүйеге мемлекеттік цифрлық жүйелердің деректері, статистикалық байқаулар, әкімшілік тіркелімдер және баламалы дереккөздер біріктіріледі. Олар сапаны бақылаудан, интеграциядан және автоматты өңдеуден өтеді. Статистикалық байқаулар қажетті деректер жоқ жерлерде ғана жүргізіледі. «Болашақта қолданыстағы модельді түбегейлі өзгертуіміз керек: алдымен есептілік жинап, кейін балама деректерді іздеу емес, әуелі әкімшілік және цифрлық деректерді пайдалану, содан кейін ғана онсыз жұмыс істеу мүмкін болмаған жағдайда есептілікке жүгіну қажет», – деп атап өтті Мақсат Тұрлыбаев. Жаңа тәсіл бизнеске түсетін жүктемені азайтуға, статистиканы жедел алуға, сондай-ақ деректердің сапасы мен нақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Qazstat
Subscribers
2.7K
+0 24h
Reach per post (ERR)
17.2%463 avg views
Posting
2.7/day
last 6 hours ago
Reactions per 1K views
3.9
👍 🔥 👏
Views over time
| When | Views |
|---|---|
| 6 Oct 2026, 11:31 | 0 |
| 12 Nov 2026, 16:49 | 419 |
Who shared this post
Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)
Nobody yet.