Астанада «Ұлттық статистикалық жүйелерді дамыту: халықаралық стандарттар және технологиялық сын-қатерлер» тақырыбындағы панельдік сессия басталды. Сессия барысында ЭЫДҰ, АДБ, Корея, Эстония және Қазақстан сарапшылары заманауи статистиканы дамыту, деректердің жаңа көздерін пайдалану, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану мәселелерін талқылауда. Сонымен қатар ЭЫДҰ жүргізген Қазақстанның ұлттық статистикалық жүйесіне шолу нәтижелері таныстырылды. Сарапшылар Қазақстан статистикасының даму деңгейіне және оның халықаралық тәжірибелерге сәйкестігіне жоғары баға берді. Толығырақ Бюро сайтында