Қазақстан халықаралық форумда статистика саласын дамыту тәжірибесімен бөлісті 1-2 қазанда Ереван қаласында ТМД Статистикалық комитеті мен Армения Республикасының Статистикалық комитеті бірлесіп ұйымдастырған «Статистикадағы жаңа әдістер мен технологиялар» атты IV Халықаралық статистикалық форумы өтті. Форум жұмысына ұлттық статистика қызметтерінің, халықаралық ұйымдардың өкілдері және сарапшылар қатысты. Қатысушылар заманауи статистиканы дамыту, деректер сапасын арттыру, әкімшілік тіркелімдер мен үлкен деректерді пайдалану, сондай-ақ ресми статистикаға цифрлық технологияларды енгізу мәселелерін талқылады. Толығырақ оқу