Qazstat

@stat_gov_kz_official · Kazakh · active

Subscribers 2.7K Subscribers, last 30 days: 2.7K → 2.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 17.2%463 avg views
Posting 2.7/day last 7 hours ago
Reactions per 1K views 3.9 👍 🔥 👏
edited

2026 жылғы қыркүйекте айлық инфляция тамыз айындағы деңгейде сақталып, 0,6% құрады. Есепті мерзімде көкөністер мен азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлерінің бағасы төмендеді. Атап айтқанда, пияздың бағасы 20,7%, лимон – 13,9%, сәбіз – 13,6%, картоп – 13,4%, баклажан – 11,2%, қырыққабат – 10,1%, тәтті бұрыш – 6,5%, алма – 5,3%, алмұрт – 2,4%, сарымсақ – 1,3%, банан – 0,7% төмендеді. Сонымен қатар, балалар тағамына арналған ботқалардың бағасы 6,1% және құмшекердің бағасы 1,3%, арзандады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде қол кремінің бағасы 6,9%, балалар жаялықтары – 6,6%, теледидар – 5,6%, ыдыс жуатын машиналар мен қысқа толқынды пештер – 1,8%, душқа арналған гель – 1,4% төмендеді. 2026 жылғы қыркүйекте жылдық мәндегі инфляция 9,3% құрады (2026 жылғы тамызда – 9,8%). Толығырақ оқу

Views over time

02004006001 Oct 11:0512 Nov 16:495081 Oct 11:05: 0 views12 Nov 16:49: 508 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
1 Oct 2026, 11:050
12 Nov 2026, 16:49508

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.