Qazstat

@stat_gov_kz_official · Kazakh · active

Subscribers 2.7K Subscribers, last 30 days: 2.7K → 2.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 17.2%463 avg views
Posting 2.7/day last 7 hours ago
Reactions per 1K views 3.9 👍 🔥 👏

🇰🇿🇰🇷Қазақстан мен Корея Республикасы деректер және ресми статистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 14 қыркүйекте Сеул қаласында өткен алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті аясында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Корея Республикасының Деректер және статистика министрлігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев пен Корея Республикасының Деректер және статистика министрі Ан Хенджун қол қойды. Меморандум екі ел арасындағы институционалдық әріптестікті одан әрі нығайтуға, озық білім мен тәжірибе алмасуды кеңейтуге, сондай-ақ заманауи деректер мен ресми статистика саласындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған. Толығырақ оқу

Views over time

020040060015 Sep 11:3912 Nov 16:4949615 Sep 11:39: 0 views12 Nov 16:49: 496 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
15 Sep 2026, 11:390
12 Nov 2026, 16:49496

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.