🚘Тамыз айында 166,6 мың автокөлік есепке қойылды 2026 жылғы тамызда Қазақстан Республикасында 166 547 автокөлік құралы есепке қойылды. Бір айда тіркелген көлік құралдарының жалпы санының 87,5%-ын жеңіл автомобильдер, 5,6%-ын жүк автомобильдері, 2,6%-ын тіркемелер, 0,8%-ын автобустар, 0,7%-ын мотоциклдер және 2,7%-ын өзге де автокөлік құралдары құрады. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген автокөлік құралдарының жалпы саны 6 088,7 мың бірлікке жетті. Жалпы көлік паркінің құрылымында жеңіл автомобильдер – 5 105,4 мың бірлік (83,9%), жүк автомобильдері – 496,1 мың бірлік (8,1%), тіркемелер – 263,9 мың бірлік (4,3%), автобустар мен шағын автобустар – 89,5 мың бірлік (1,5%), мотоциклдер – 75 мың бірлік (1,2%), өзге де автокөлік құралдары – 58,7 мың бірлік (1%) болды. Толығырақ оқу