Qazstat

@stat_gov_kz_official · Kazakh · active

Subscribers 2.7K Subscribers, last 30 days: 2.7K → 2.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 17.2%463 avg views
Posting 2.7/day last 8 hours ago
Reactions per 1K views 3.9 👍 🔥 👏

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуі жалғасуда 2026 жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендегені байқалды. Апта ішінде картоптың (-6,9%), пияздың (-5,9%), ақ қырыққабаттың (-5,1%), сәбіздің (-4,5%), алманың (-0,8%), нанның (-0,4%) және ірімшіктің (-0,3%) бағасы төмендеді. Есепті аптада бірінші сұрыпты бидай ұны, рожки, сүт және сүзбе бағасы өзгеріссіз қалды. Өңірлік бөліністе елдің бірқатар қалаларында дефляциялық динамика байқалды. Бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларының жалпы деңгейі Астана, Атырау, Жезқазған, Қызылорда, Өскемен, Семей және Түркістан қалаларында 0,1%-ға төмендеді. Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Тараз қалаларында бағалар алдыңғы апта деңгейінде сақталды. Толығырақ оқу

Views over time

02K4K11 Sep 07:2912 Nov 16:493.7K11 Sep 07:29: 0 views12 Nov 16:49: 3,730 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
11 Sep 2026, 07:290
12 Nov 2026, 16:493.7K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.