☀️ Таңертеңгі жағымды жаңалық – «Statdatathon» байқауына шақырамыз! 📢 Бұл – студенттерге, талдаушыларға, зерттеушілерге және бағдарламашыларға өз білімдерін тәжірибеде қолданып, нақты деректермен жұмыс істеуге және өздерінің data-жобаларын әзірлеуге тамаша мүмкіндік. Қатысушылар екі бағыттың бірін таңдай алады: 🔹 Data to Policy – деректерді талдау және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге арналған ұсыныстар әзірлеу; 🔹 AI for Official Statistics – ресми статистика үшін жасанды интеллект негізінде шешімдер әзірлеу. 👥 Команда құрамы – 2-ден 5 адамға дейін. 🎂 Қатысушылардың жасы – 18-ден 35 жасқа дейін. 🌍 ТМД елдерінің азаматтары қатыса алады. 🏆 Жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар және өз жобаларын статистика, деректерді талдау және жасанды интеллект саласындағы сарапшыларға таныстыру мүмкіндігі күтеді. 👉 Толық ақпарат және тіркелу: datathon.stat.gov.kz Конкурс жайлы толығырақ