Qazstat

@stat_gov_kz_official · Kazakh · active

Subscribers 2.7K Subscribers, last 30 days: 2.7K → 2.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 17.2%463 avg views
Posting 2.7/day last 8 hours ago
Reactions per 1K views 3.9 👍 🔥 👏

Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының саны артып келеді 2025 жылы Қазақстанда 19 588 қоғамдық тамақтану нысаны тіркелді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 17,5%-ға көп. 2024 жылы елімізде 16 674 қоғамдық тамақтану нысаны болған. Қоғамдық тамақтану орындарының саны бойынша көш бастап тұрған өңірлер — Алматы қаласы (3 522 нысан), Астана қаласы (2 761) және Қарағанды облысы (1 275). Мейрамханалар саны жыл ішінде айтарлықтай өзгерген жоқ: олардың саны 666 нысанға артып, 3 024-ке жетті. Асханалар саны 5,7%-ға өсіп, 5 618-ден 5 940 нысанға дейін көбейді. Әсіресе кафелер санының өсімі байқалады — олардың саны 5 202-ден 5 987-ге дейін артып, өсім 15,1%-ды құрады. Мейрамханалардың ең көп саны Астана қаласында (654), Алматы қаласында (602) және Батыс Қазақстан облысында (248) шоғырланған. Кафелер саны бойынша Алматы қаласы (1 036), Астана қаласы (809) және Қарағанды облысы (485) көш бастап тұр. 2025 жылы тамақтану және сусындар ұсыну саласындағы қызметтердің көлемі 2,1 трлн теңгені құрады.

Views over time

02004006004 Sep 09:3612 Nov 16:495794 Sep 09:36: 0 views12 Nov 16:49: 579 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
4 Sep 2026, 09:360
12 Nov 2026, 16:49579

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.