Qazstat

@stat_gov_kz_official · Kazakh · active

Subscribers 2.7K Subscribers, last 30 days: 2.7K → 2.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 17.2%463 avg views
Posting 2.7/day last 9 hours ago
Reactions per 1K views 3.9 👍 🔥 👏

2026 жылғы 19 тамыздағы жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді. Апта ішінде пияздың бағасы 4,9%, картоп 4,1%, алма 2,7%, ақ қауданды қырыққабат 2,2%, сәбіз 1,9%, қияр 1,5%, қой еті, оның ішінде сүйексіз ет 0,6%, қызанақ 0,4% арзандады. Есепті аптада бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының, қаймақтың, сары майдың және тұздың бағасы өзгеріссіз қалды. Өңірлік бөліністе еліміздің бірқатар қаласында дефляциялық динамика байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Қарағандыда – 0,7%-ға, Көкшетау мен Өскеменде – 0,5%-ға, Қонаевта – 0,4%-ға, Жезқазған мен Талдықорғанда – 0,3%-ға төмендеді. Астана, Шымкент, Ақтөбе, Орал, Павлодар, Петропавл және Семей қалаларында бағалар алдыңғы апта деңгейінде сақталды. Толығырақ оқу

Views over time

020040060021 Aug 06:3512 Nov 16:4959221 Aug 06:35: 0 views12 Nov 16:49: 592 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
21 Aug 2026, 06:350
12 Nov 2026, 16:49592

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.