Qazstat

@stat_gov_kz_official · Kazakh · active

Subscribers 2.7K Subscribers, last 30 days: 2.7K → 2.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 17.2%463 avg views
Posting 2.7/day last 9 hours ago
Reactions per 1K views 3.9 👍 🔥 👏

Қазақстанда 9,1 мың тонна шай және кофе өндірілді 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 9 143 тонна шай және кофе өндірілді, оның ішінде 3 829 тоннасы шайға тиесілі. Өңірлік бөліністе шай өндірісінің негізгі үлесі Алматы қаласына тиесілі - 92,1% (3 528 тонна). Бұл көрсеткіш бойынша Алматы қаласы өңірлер арасында көш бастап тұр. Импорттың үлесіне сергіткіш сусынның 74,1%-ы тиесілі, елге шай өнімінің 18,3 мың тоннасы әкелінді. Алты ай ішінде 3,9 мың тонна шай мен кофе экспортқа шығарылды. Ішкі нарықта барлығы 20,8 мың тонна өнім өткізілді. Жалпы, шай тұтыну көлемі бір адамға айына орта есеппен шамамен 100 грамды құрайды. Шайдың негізгі жеткізуші елдерінің қатарында Кения бар, оның үлесіне импортталған өнімнің 27,2%-ы тиесілі. Сондай-ақ шайдың негізгі көлемі Үндістан, Ресей, Италия және Қытайдан әкелінеді.

Views over time

020040060017 Aug 10:0612 Nov 16:4960517 Aug 10:06: 0 views12 Nov 16:49: 605 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
17 Aug 2026, 10:060
12 Nov 2026, 16:49605

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.