Ruslan Zheldibay ✔

@ruslanzheldibay · news · Kazakh · dead

Subscribers 3.2K Subscribers, last 30 days: 3.2K → 3.2K +0 24h
Reach per post (ERR) –– avg views
Posting –
Reactions per 1K views –

Жекеме келген хаттар мен телефоныма түсіп жатқан қоңырауларға бірден жауап беруге мүмкіндігім болмады. Баршаңызға жеке-жеке алғыс айта алмасам, түсіністікпен қабылдауларыңызды сұраймын. Бірге қызмет атқарған әріптестеріммен де толық қоштасып үлгермедім. Бәріміздің мақсатымыз – бір, арманымыз – ортақ. Ол – Мемлекетіміздің бүгіні мен болашағына адал қызмет ету. Сол жолда әрқайсысыңызбен тізе қосып еңбек ету мен үшін маңызды кезең болды. Бұл уақыт мемлекеттік қызметтің, ортақ жауапкершілік пен жүйелі жұмыстың мәнін терең түсінуге мүмкіндік берген тәжірибе ретінде мәңгі жадымда қалады. Барша әріптесімнің алда атқаратын қызметіне табыс пен сәттілік тілеймін. Ең бастысы, осындай жауапты міндеттерді атқаруға мүмкіндік берген Мемлекет басшысына шынайы ризашылығымды білдіремін! Жасымызға қарамай зор жауапкершілік жүктеуі біздің буынға және болашаққа деген сенім деп қабылдадым. Мұндай сенімге ие болу мен үшін әрдайым зор мәртебе. Мемлекет басшысына алғысым шексіз! Болашақта да ел мүддесіне қызмет ете береміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Views over time

02K4K31 Jan 09:5713 Nov 02:224K31 Jan 09:57: 0 views12 Nov 02:21: 4,040 views13 Nov 02:22: 4,040 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
31 Jan 2026, 09:570
12 Nov 2026, 02:214K
13 Nov 2026, 02:224K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.