🇷🇺 Мәскеуде «Росатомның» жылжымалы зарядтау станциясы-роботы сынақтан өтуде «Росатомның» Отын дивизионы Мәскеу көлік департаментімен бірлесіп роботтандырылған жылжымалы электр зарядтау станциясын сынақтық пайдалануды бастады. Пилоттық жоба Триумфальная алаңындағы тұрақта жүзеге асырылуда. Кәдімгі зарядтау станциясынан басты айырмашылығы – станцияның өзі электромобильге келеді. Ішінде сыйымдылығы 74,6 кВт·сағ энергия жинақтағыш бар, зарядтаудың ең жоғары қуаты – 60 кВт-қа дейін. Орташа сыйымдылықтағы электромобиль 10-нан 90 %-ға дейін шамамен 30 минутта зарядталады. Қазір роботты инженер пульт арқылы басқарады, кейін жүргізушісіз басқару режимі енгізілмек: станцияны «Метро Москвы» қосымшасы арқылы шақыруға болады, ал ол цифрлық карта, компьютерлік көру, стереокамера және лидар көмегімен бағдар алады. «Мәскеу тұрақтарында робот-зарядтағыштардың пайда болуы – отандық жүргізушісіз басқару және роботтандыру технологияларын дамытудағы тағы бір қадам», – деді ТВЭЛ-дің «Электромобильдік» бизнес-бағытының директоры Александр Бухвалов. Сынақ жыл соңына дейін жалғасады, ал 2027 жылы әзірлемені сериялық өндіріске дайындау жоспарланған. 👌 «Росатом Орталық Азия» арнасына жазылыңыз 🅰️ Буст қалдырыңыз