🇰🇬 Қырғызстанда Тоо-Моюн және Қызыл-Жар тау үйінділерін оңалту мерзімінен бұрын аяқталды «Росатом» Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, Ош облысындағы Тоо-Моюн және Жалал-Абад облысындағы Қызыл-Жар кенттеріндегі тау үйінділерін оңалту жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтады. Жұмыстар жоспарланған 18 айдың орнына 11 айда орындалып, нысандарды пайдалануға беру туралы мемлекеттік актілер алынды. Алаңдарда сүзуге қарсы экраны бар тау үйінділерін оқшаулау алаңдары жасалды, 100 мың текше метрден астам тау жынысы орын ауыстырылды, шахталар мен штольнялар консервацияланды, гидротехникалық құрылыстар салынды. Тоо-Моюн кеніші 1922–1954 жылдары, ал Қызыл-Жардағы нысан 1946–1967 жылдары игерілген. «Аумақтар радиациялық тұрғыдан қауіпсіз күйге келтірілді, бұл халық пен қоршаған орта үшін қазіргі экологиялық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді», – деді Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Канатбек Чыныбаев. Бұған дейін «Росатом» қырғызстандық компаниялармен бірге Мин-Куш пен Каджи-Сайдағы бес нысанды радиациялық тұрғыдан қауіпсіз күйге келтірген. Ынтымақтастықтың қазіргі кезеңі 2030 жылға дейін есептелген. 👌 «Росатом Орталық Азия» арнасына жазылыңыз 🅰️ Буст қалдырыңыз