«Росатом» ықшам RusMelt 100M 3D-принтерін таныстырды «Росатомның» Отын дивизионы нарыққа шағын габаритті RusMelt 100M 3D-принтерін шығарады. Бұл – металмен селективті лазерлік балқыту технологиясы бойынша басып шығаратын RusMelt сериялық принтерлер желісіндегі ең ықшам әрі бағасы ең қолжетімді қондырғы. Жаңа модель II Мәскеу инвестициялық-өнеркәсіптік форумында таныстырылды. Принтердің салмағы 800 кг-нан аз, оған бөлек цех, іргетас немесе нығайтылған аражабындар қажет емес: тегіс еден мен розетка жеткілікті. Өлшемі 100 × 120 мм ықшам басып шығару камерасы газ бен металл ұнтағын үнемдейді, сондықтан бөлшектің өзіндік құны ірі габаритті қондырғылармен салыстырғанда 2–4 есе төмен. Принтер тот баспайтын болат, титан, никель, кобальт-хром және алюминиймен жұмыс істейді. «RusMelt 100M – толықтай отандық әзірлеме, оны құрастыру және өндіру “Росатомның” Мәскеудегі Аддитивті технологиялар орталығында жүргізіледі», – деді «Росатом» Отын дивизионының «Аддитивті технологиялар» бизнес-бағытының бас директоры Илья Кавелашвили. Қондырғы университеттер мен ғылыми орталықтарға зерттеу мен оқыту үшін, ал кәсіпорындарға прототиптер мен шағын сериялар жасау үшін жарамды. Тамызда «Росатом» Өзбекстанда аддитивті технологиялар бойынша семинар өткізді. 👌 «Росатом Орталық Азия» арнасына жазылыңыз 🅰️ Буст қалдырыңыз