«Росатом» кобальт-60 өндіру бойынша жылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындады Курск, Ленинград және Смоленск АЭС-тері кобальт-60 өндіру және тиеп жөнелту бойынша жылдық жоспарды мерзімінен бұрын – 101 %-ға орындады. Жөнелту IV тоқсанда да жалғасады. Кобальт-60 – ең сұранысқа ие гамма-сәуле шығарғыштардың бірі. Ол медициналық бұйымдарды стерильдеу, азық-түлікті залалсыздандыру, полимерлердің қасиеттерін өзгерту және экологиялық міндеттерді шешу үшін қолданылады. Изотоп РБМК-1000 реакторларында электр энергиясын өндірумен қатар, қауіпсіздік пен өндіріс деңгейіне әсер етпей алынады. Бұл бағытта шамамен 30 жыл бұрын Ленинград АЭС-і алғашқы болып жол салды. «Бүгінде “Росэнергоатом” изотоптардың негізгі өндірушілерінің бірі болып табылады, жаһандық нарықтағы стерильдеуге арналған кобальт-60-тың шамамен 30 %-ын қамтамасыз етеді және ресейлік ядролық медицинаны дамыту үшін изотоптардың номенклатурасын кеңейтуде», – деді «Росэнергоатом» концернінің бизнесті дамыту жөніндегі директоры Никита Константинов. «Росатом Орталық Азия» арнасына жазылыңыз 🅰️ Буст қалдырыңыз