Росатом Центральная Азия

@rosatom_ca · tech · Kazakh · active

Subscribers 702 tracking since 13 Nov
Reach per post (ERR) 49.9%350 avg views
Posting 2.7/day last 14 hours ago
Reactions per 1K views 17.0 🔥 ⚡ ❤

🌐 Мария Кюридің пробиркасынан — шекарасыз медицинаға 7 қарашада, Мария Склодовская-Кюридің туған күнінде әлем Халықаралық медициналық физика күнін атап өтеді. Нобель сыйлығының екі дүркін лауреаты, радий мен полонийді ашқан ғалым сәулелік терапияға жол ашты. Бүгінде бұл әдіс әлем бойынша миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуда. Оның мұрасы табиғатынан халықаралық: Францияда еңбек еткен поляк ғалымы ғылымның шекара білмейтінін дәлелдеді. Бұл қағида бүгін ынтымақтастықтың ең жаһандық салаларының бірі — ядролық медицинада жалғасын тауып отыр. Бұл байланыс бүгін қалай жұмыс істейді? «Росатом» медициналық изотоптар өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы. Компания өз өнімін 50 елге жеткізеді. Әлемде жыл сайын «Росатом» изотоптары қолданылатын 2,5 миллионға жуық диагностикалық және емдік процедура жүргізіледі. Бұл тәжірибе Жаһандық Оңтүстік елдерімен серіктестіктің негізіне айналуда. Алжирмен ядролық медицина саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум іске асырылып жатыр, Қырғызстанда «Росатомның» қолдауымен ядролық медицина орталығы қайта жанданып келеді, ал Мысырда, Өзбекстанда және Вьетнамда бірлескен жобалар дамуда. Халықаралық медициналық физика күнін 2013 жылы Халықаралық медициналық физика ұйымы (IOMP) денсаулық сақтаудағы физиктердің рөлін мойындау белгісі ретінде бекітті. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған: Кюридің туған күні іргелі ғылым мен практикалық медицинаның байланысын білдіреді. Мария Кюридің мұрасы тек оқулықтарда қалған жоқ. Ол ондаған елде атом күшін күн сайын адамдарды емдеуге жұмсайтын дәрігерлер, инженерлер мен физиктердің еңбегінде жалғасып келеді. Ал «Росатом» осы жаһандық тізбектің бір буыны. #Росатом #Халықаралықмедициналықфизикакүні #МарияКюри #Ядролықмедицина #Изотоптар #Атомэнергетикасы 👌 "Росатом Орталық Азия" арнасына жазылыңыз 🅰️ Буст қалдырыңыз

Views over time

01002007 Nov 09:0913 Nov 04:571997 Nov 09:09: 0 views13 Nov 04:57: 199 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
7 Nov 2026, 09:090
13 Nov 2026, 04:57199

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.