Росатом Центральная Азия

@rosatom_ca · tech · Kazakh · active

Subscribers 702 tracking since 13 Nov
Reach per post (ERR) 49.9%350 avg views
Posting 2.7/day last 14 hours ago
Reactions per 1K views 17.0 🔥 ⚡ ❤
edited

👩‍💻 World Atomic Days: Анталья жаһандық атом күн тәртібінің тартылыс нүктесіне айналуда 👌 12–13 қарашада Антальяда (Түркия) «Әлемдік атом күндері» (World Atomic Days, WADs) өтеді. Бұл – «Росатом» шетелдік серіктестеріне арнап ұйымдастыратын, әлемдік атом саласының 2026 жылғы басты халықаралық бизнес-іс-шарасы. Естеріңізде болса, келесі аптада Антальяда COP31 басталады. Конференцияның климаттық күн тәртібін толықтыра отырып, «Росатом» өз іс-шарасын өткізеді. Ол атом энергетикасының көміртегі аз болашаққа қосатын үлесі туралы нақты әңгіме алаңына айналады. ⚡️ Басты оқиғалар «Росатомның» бас директоры Алексей Лихачёв қатысатын «Адамдар мен планета үшін атом энергетикасы» пленарлық отырысы – іскерлік бағдарламаның басты оқиғасы. Мемлекеттік корпорация басшыларының қатысуымен өтетін сессиялар: бас директордың бірінші орынбасары – Даму және халықаралық бизнес блогының директоры Кирилл Комаров, бас директордың персонал жөніндегі орынбасары Татьяна Терентьева, ақпараттық және цифрлық технологиялар жөніндегі директордың орынбасары Евгений Гаранин және басқа да спикерлер. Жастар күн тәртібі: Impact Team 2050 халықаралық консультативтік кеңесі қатысатын сессиялар, ұлттық жастар ядролық диалогтарының нәтижелерін таныстыру және Global Atomic Quiz. «Аккую» АЭС-іне виртуалды турмен «Росатом» көрмесі – ресейлік жоғары оқу орындарының түлектері болып табылатын түрік инженерлері келушілерді бірінші іске қосу кешенінің негізгі нысандарымен таныстырады. 🤝 Іс-шара МАГАТЭ-нің, Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың (World Nuclear Association, WNA) және «БРИКС елдерінің атом энергиясы жөніндегі платформасының» қолдауымен өтеді. Платформа – ядролық технологияларды БРИКС елдері мен серіктес елдердің нарықтарында ілгерілету үшін «Росатомның» бастамасымен құрылған ынтымақтастық тетігі. 🗺Қайда және қашан: Анталья, Түркия 🇹🇷, 2026 жылғы 12–13 қараша. #Росатом #Әлемдікатомкүндері #WorldAtomicDays #WADs #COP31 #Анталья #Түркия #BRICSNuclearPlatform #Атомэнергиясы #ImpactTeam2050 #AkkuyuNPP

Views over time

01002003004006 Nov 13:0413 Nov 04:573256 Nov 13:04: 0 views13 Nov 04:57: 325 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
6 Nov 2026, 13:040
13 Nov 2026, 04:57325

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.