💙 9 қарашада Түркияда 🇹🇷 COP31 – БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы Тараптарының конференциясы басталады. Оның міндеті – ауа райы жағдайларының өзгерістеріне жақсырақ бейімделу және ортақ шешімдер әзірлеу үшін түрлі елдердің білімі мен күш-жігерін біріктіру. Конференцияның алғашқы күнінде Арктика күні өтеді – жоғары ендіктер мәселелеріне арналған бағдарлама. 🏔 Арктика бүкіл әлемде ауа райы режимінің теңгерімін сақтап тұрады. Сондықтан климаттың болашағы туралы әңгіме осы маңызды географиялық аймақты да міндетті түрде қамтиды. Арктика күнінде «Росатом» солтүстік өңірлерді дамыту және олардың табиғи ортасын сақтау бойынша өз жобалары мен шешімдерін таныстырады. Солтүстік теңіз жолы акваториясын экологиялық мониторингтеу бағдарламасына ерекше назар аударылады. Бұл жобаны «Росатом» ММУ Теңіз зерттеулері орталығының (ММУ ТЗО) ғалымдарымен бірге жүзеге асырады: мақсаты – қоршаған ортаның жай-күйін бақылау және арктикалық кеме қатынасы бағытын дамыту кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шешімдер әзірлеу. Солтүстік теңіз жолын экологиялық мониторингтеу туралы басты деректерді суреттерімізден қара. #COP31 #Климаттықконференция #Түркия #Солтүстіктеңізжолы #Арктика #Росатом #Атомэнергетикасы #Тазаэнергетика