Росатом Центральная Азия

@rosatom_ca · tech · Kazakh · active

Subscribers 702 tracking since 13 Nov
Reach per post (ERR) 49.9%350 avg views
Posting 2.7/day last 14 hours ago
Reactions per 1K views 17.0 🔥 ⚡ ❤

Ташкентте «Орталық Азия – Атом 2050» кездесуі өтті 23 қазанда «МИФИ» ұлттық ядролық зерттеу университетінің Ташкент филиалында өңір жастары атом салаларының басшыларымен кездесті. Кездесуге 900-ден астам студент қатысты: 200-і залда, 700-ден астамы онлайн. Қатысушылар арасында «Росатом» бас директоры Алексей Лихачёв, «Узатом» агенттігінің директоры Азим Ахмедхаджаев, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Тимур Жантикин, Қырғызстан энергетика министрінің орынбасары Мирлан Парханов және Тәжікстан Энергетика және су ресурстары министрлігі жанындағы «ТАУЗ Гидро» ААҚ бас директоры Абдувакил Расулов болды. Impact Team 2050 жастар кеңесінің көшбасшылары Өзбекстанда, Қазақстанда және Тәжікстан жастарының қатысуымен Қырғызстанда өткен төрт ұлттық жастар ядролық диалогының қорытындысын таныстырды. Оларға 18 университеттен 1050 адам қатысты. Сауалнама нәтижесі бойынша жастар салаға келудің басты уәждері ретінде практика мен тәлімгерді (69 %), түсінікті мансапты (62 %) және саланың ашықтығын (54 %) атады. Басты ұсыныс – Орталық Азиядағы атомдық ынтымақтастықтың Жастар платформасын құру. Жастар сондай-ақ кездесуді жыл сайын өткізуді ұсынды. «Біз мұндай форматты толықтай қолдаймыз және келесі жастар бағдарламасы Impact Team 2050 кеңесінің қамқорлығымен 2027 жылы-ақ өтуі үшін өңір елдеріндегі атом саласындағы әріптестерімізбен бірге жұмыс істеуге дайынбыз», – деді «Росатом» басшысы Алексей Лихачёв. «Росатом Орталық Азия» арнасына жазылыңыз 🅰️ Буст қалдырыңыз

Views over time

01002002 Nov 10:3713 Nov 04:571902 Nov 10:37: 0 views13 Nov 04:57: 190 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
2 Nov 2026, 10:370
13 Nov 2026, 04:57190

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.