«Росатом» «Руппур» АЭС-інің екінші энергоблогына ядролық отын жеткізуді бастады «Росатом» Бангладештегі «Руппур» АЭС-інің № 2 энергоблогындағы ВВЭР-1200 реакторын алғашқы жүктеуге арналған ядролық отынның бірінші партиясын жеткізді. Новосибирск химиялық концентраттар зауыты өндірген жылу бөлетін жинақтар жүк авиарейсімен жеткізілді. Осы күзде станцияға № 1 энергоблокты алғаш рет қайта жүктеуге арналған жаңа отын да келіп түсті. Алаңда контейнерлер жаңа ядролық отынға арналған арнайы қоймаға орналастырылды. Барлық бұйым визуалды және аспаптық кіріс бақылауынан өтеді. Оны тапсырыс берушінің, бас мердігердің және дайындаушы зауыттың мамандарынан құралған бірлескен комиссия жүргізеді. Жалпы қуаты 2400 МВт болатын екі ВВЭР-1200 реакторы бар «Руппур» АЭС-і Бангладештің алғашқы атом электр станциясы. Бүгінде осындай реакторлары бар алты энергоблок жұмыс істейді, ал Қазақстандағы алаңда ВВЭР-1200 негізіндегі екі энергоблок салу үшін іздестіру жұмыстары жүргізілуде. «Росатом» начал поставки ядерного топлива для второго энергоблока АЭС «Руппур» «Росатом» выполнил первую поставку ядерного топлива для стартовой загрузки реактора ВВЭР-1200 на энергоблоке № 2 АЭС «Руппур» в Бангладеш. Тепловыделяющие сборки производства Новосибирского завода химконцентратов доставлены грузовым авиарейсом. Этой осенью на станцию также поступило свежее топливо для первой перегрузки энергоблока № 1. На площадке контейнеры помещены в специализированное хранилище свежего ядерного топлива. Все изделия проходят входной визуальный и инструментальный контроль. Его проводит совместная комиссия специалистов заказчика, генподрядчика и завода-изготовителя. АЭС «Руппур» с двумя реакторами ВВЭР-1200 суммарной мощностью 2400 МВт — первая атомная станция Бангладеш. Сегодня эксплуатируются шесть энергоблоков с такими реакторами, а на площадке в Казахстане идут изыскательские работы для строительства двух энергоблоков на базе ВВЭР-1200.