АЭС-ті энергетикалық іске қосу дегеніміз не? Энергетикалық іске қосу – жаңа энергоблокты жұмысқа енгізудің негізгі кезеңі. Оның алдында физикалық іске қосу жүргізіледі: реактор алғаш рет бақыланатын ең төменгі қуат деңгейіне – шамамен 1 %-ға шығарылады. Содан кейін қуат кезең-кезеңімен арттырылады. Номиналды қуаттың шамамен 25 %-ына жеткенде бу генераторлары турбинаға жеткілікті бу шығарады, турбогенератор алғаш рет желіге қосылып, блок алғашқы киловатт энергия береді. Келесі саты – 50 %, бұл тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға дайындық. Қуатты біртіндеп 100 %-ға жеткізіп, барлық сынақтардан өткен соң блок коммерциялық пайдалануға беріледі. Біз бұрын жазған Қытайдағы «Тяньвань» АЭС-інің жетінші энергоблогы дәл осы жолдан өтіп жатыр.