«Росатом» «Руппур» АЭС-ін басқару жүйелерімен жарақтандырды «Росатом» Бангладештегі «Руппур» АЭС-інің бірінші және екінші энергоблоктарын технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандыруды аяқтады. Бұл – 43 жүйеге арналған шамамен 20 000 жабдық бірлігі. Олар 7000-нан астам параметрді, соның ішінде реактор жұмысының тұрақтылығын бақылайды. Операторларға энергоблоктың цифрлық егізі негізінде жасалған цифрлық көмекші – Операторды ақпараттық қолдау жүйесі көмектеседі. Ол 360 жүйенің көрсеткіштерін талдап, ауытқуларды анықтайды және 80-нен астам нұсқаулықтың қайсысын таңдау керектігін ұсынады. «Руппур» – «Росатомның» осындай жүйе енгізілген алғашқы шетелдік станциясы. Жалпы қуаты 2400 МВт екі ВВЭР-1200 реакторы бар «Руппур» АЭС-і Даккадан 160 км жерде салынып жатыр. Осындай реакторлар Қазақстанда да қолданылады: қазір ВВЭР-1200 негізіндегі екі блок салынатын алаңда іздестіру жұмыстары жүргізілуде.