Росатом Центральная Азия

@rosatom_ca · active

Subscribers 702 tracking since 13 Nov
Reach per post (ERR) 53.1%373 avg views
Posting 2.7/day last 1 hour ago
Reactions per 1K views 16.9 🔥 ⚡ ❤
edited

👌 🇺🇿 Мирзиёев пен Лихачёв Өзбекстандағы атом жобаларының барысын талқылады 23 қазанда Ташкентте Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев «Росатомның» бас директоры Алексей Лихачёвты қабылдады. Әңгіме тек АЭС құрылысы жайында ғана емес, елде тұтас жоғары технологиялық сала қалыптастыру жайында болды. Жизақ облысындағы Өзбекстанның алғашқы АЭС-інің құрылысы кесте бойынша жүріп жатыр. Станция экономика мен халықты сенімді электр энергиясымен қамтамасыз етіп, жаңа жоғары технологиялық өндірістерге жол ашуы тиіс. Кездесу қарсаңында, 22 қазанда, Лихачёв құрылыс алаңын жеке өзі тексерді. 2026 жылдың соңына дейін бірінші энергоблоктың реактор бөлімінің іргетас тақтасын – шамамен 10 000 текше метр бетонды – аяқтау жоспарлануда. Станция маңында әлеуметтік, білім беру, медициналық және қоғамдық инфрақұрылымы бар атомшылар қаласы салынып жатыр. Ол Жизақ облысының жаңа даму орталығына айналмақ. Өңірге АЭС алаңынан 25 км қашықтықта құрылатын өнеркәсіптік кластер қосымша серпін береді. Тараптар ядролық медицина мен аддитивті технологиялар салаларындағы, сондай-ақ ұлттық инженерлік және ғылыми кадрлар даярлау жөніндегі ынтымақтастықты да талқылады. Алексей Лихачёв Президентке атом саласын дамытуға жеке көңіл бөлгені үшін алғыс айтып, «Росатомның» ынтымақтастықты кеңейтуге және стратегиялық маңызы бар жобалар бойынша барлық міндеттемелерді орындауға дайын екенін растады.

Views over time

020040060023 Oct 13:0613 Nov 04:5759023 Oct 13:06: 0 views13 Nov 04:57: 590 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
23 Oct 2026, 13:060
13 Nov 2026, 04:57590

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.