«Аккую» АЭС-інің № 1 блогының бірінші контуры беріктік сынағынан өтті Түркиядағы «Аккую» АЭС-інің № 1 энергоблогында реактор қондырғысының бірінші контурын гидравликалық сынау аяқталды. Ондағы қысым 24,5 МПа-ға дейін, яғни жұмыс қысымынан шамамен бір жарым есе жоғары деңгейге көтерілді. Табиғатта осындай қысым мұхиттың шамамен 2,4 км тереңдігінде болады. Судың температурасы сынақтың бастапқы кезеңінде 135 °C-қа жетті. Бірінші контур – реактор, бас айналым сорғылары, бу генераторлары, қысым компенсаторы және оларды байланыстыратын құбыр. Сынақ қорытындысы бойынша ВВЭР-1200 жобасында көзделген барлық өлшемдерге қол жеткізілді. «Бүкіл энергоблоктың қауіпсіз жұмысы бірінші контурдың сенімділігіне байланысты. Гидравликалық сынақтар сәтті аяқталды. Бұл – энергоблокты физикалық іске қосу жолындағы тағы бір қадам», – деді «Росатом» бас директоры Алексей Лихачёв.