«Орталық Азия — Атом 2050»: жастардың сала көшбасшыларымен кездесуі 23 қазанда «МИФИ» ұлттық ядролық зерттеу университетінің Ташкент филиалында «Орталық Азия — Атом 2050» кездесуі өтеді. Оған «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев, Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің директоры Азим Ахмедхаджаев, Қырғыз Республикасы Энергетика министрлігінің және Тәжікстан Республикасы Энергетика және су ресурстары министрлігінің өкілдері қатысады. Кездесуде Қазақстанды Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің қызметкерлері таныстырады. Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген жас мамандар — «Росатом» бас директоры жанындағы халықаралық жастар консультативтік кеңесі Impact Team 2050 мүшелері — ұлттық жастар ядролық диалогтарының қорытындысын таныстырады. Бұл іс-шаралар үш елде өтіп, студенттер мен жас мамандардың атом энергетикасының болашағы, саланың кадрлық қажеттіліктері және оның дамуына кедергі келтіретін факторлар туралы пікірлерін жинады. Кездесу қорытындысы бойынша жас көшбасшылар атом саласын Орталық Азия жастары үшін тартымдырақ ету жөніндегі ұсынымдары бар жол картасын әзірлейді. Қатысушылар сондай-ақ 2050 жылға дейінгі атом энергетикасын дамыту пайымын, жастар бастамаларын және өңірлік ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылайды. «Атом 2050» — жас ұрпақтың үнін естіп, сала басшыларынан кері байланыс алуға мүмкіндік. Бағдарламада: — «Орталық Азия — Атом 2050» жастар баяндамасының таныстырылымы: сауалнама нәтижелері, жастардың саланы дамыту жөніндегі стратегиялары мен ұсыныстары; — сала және бейінді ведомстволар өкілдерімен ашық диалог, бастамалар мен келесі қадамдарды талқылау. Қашан: 23 қазан, Ташкент және Астана уақытымен 12:00–13:30 (Мәскеу уақытымен 10:00–11:30) Қайда: «МИФИ» ҰЯЗУ Ташкент филиалы, офлайн және онлайн форматта Трансляция: VK: https://vkvideo.ru/live-37706009_456242871 Atommedia: https://lk.atommedia.online/lk/broadcasts/vstrecha-molodezhi-s-liderami-tsentralnoy-azii-atom-2050/ Трансляцияны авторизацияланған пайдаланушылар ғана көре алады: алдын ала atommedia.online сайтындағы аккаунтыңызға кіріңіз немесе жылдам тіркеуден өтіңіз: https://lk.atommedia.online/auth/registration.php Орталық Азия атом энергетикасының болашағы туралы диалогқа қосылыңыз!