23 қазанда «МИФИ» ұлттық ядролық зерттеу университетінің Ташкент филиалында «Орталық Азия — Атом 2050» кездесуі өтеді. Оған «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Евгеньевич Лихачев, Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің, Қырғыз Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдері қатысады. Сондай-ақ Тәжікстан Республикасының бейінді ведомстволарының өкілдері қатысады деп күтілуде. Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстаннан келген жас мамандар – «Росатомның» бас директоры жанындағы халықаралық жастар консультативтік кеңесі Impact Team 2050 мүшелері – ұлттық жастар ядролық диалогтарының қорытындыларын таныстырады. Бұл жастар іс-шаралары үш елдің әрқайсысында өтіп, студенттер мен жас мамандардың атом энергетикасының болашағы, саланың кадрлық қажеттіліктері және оның дамуына кедергі келтіретін факторлар туралы пікірлерін жинады. МИФИ-дің Ташкент филиалындағы кездесуде жас көшбасшылар жоғары мәртебелі қонақтардың қатысуымен өңірдегі осы жастар іс-шараларының қорытындысын шығарып, Орталық Азия жастары үшін атом саласының тартымдылығын арттыру жөніндегі ұсынымдары бар жол картасын әзірлейді. Кездесу қатысушылары 2050 жылға дейін атом энергетикасын дамыту пайымын, жастар бастамаларын және өңірлік ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылайды. «Атом 2050» – жас ұрпақтың үнін естуге және сала басшыларынан кері байланыс алуға мүмкіндік. Не болады: 👌 «Орталық Азия — Атом 2050» жастар баяндамасының, сауалнама нәтижелерінің, жастардың саланы дамыту жөніндегі стратегиялары мен ұсыныстарының таныстырылымы. 👌 Сала және бейінді ведомстволар өкілдерімен ашық диалог, бастамаларды және ықтимал келесі қадамдарды талқылау. 23 қазан 12:00–13:10 (Ташкент) / 10:00–11:10 (Мәскеу) «МИФИ» ҰЯЗУ Ташкент филиалы Офлайн және онлайн форматта Трансляцияға сілтеме: https://lk.atommedia.online/lk/broadcasts/vstrecha-molodezhi-s-liderami-tsentralnoy-azii-atom-2050/ Орталық Азия атом энергетикасының болашағы туралы диалогқа қосылыңыз! #Росатом #МИФИ #Атом2050 #ОрталықАзия