Росатом Центральная Азия

@rosatom_ca · active

Subscribers 702 tracking since 13 Nov
Reach per post (ERR) 53.1%373 avg views
Posting 2.7/day last 1 hour ago
Reactions per 1K views 16.9 🔥 ⚡ ❤

Игорь Африкантовтың туғанына 110 жыл Бүгін Игорь Иванович Африкантовтың (1916–1969) туғанына 110 жыл толды. Ол әлемдік атом энергетикасының келбетін айқындаған бас конструктор болды. Қазір оның есімін Нижний Новгородтағы Машина жасау тәжірибелік конструкторлық бюросы (ОКБМ) иеленеді. Африкантовтың басшылығымен екі жылға жетпейтін уақытта «Ленин» атомдық мұзжарғышына арналған реакторлық қондырғы жасалды. Бұл ядролық күш қондырғысы бар әлемдегі алғашқы су үсті кемесі еді. 1960 жылдан бастап Африкантов шапшаң нейтронды реакторларды әзірлеуге жетекшілік етті. Натрий жылу тасымалдағышы бар осы үлгідегі әлемдегі алғашқы тәжірибелік-өнеркәсіптік реактор БН-350 1973 жылы Қазақстанда, Ақтау (ол кезде Шевченко) қаласында іске қосылды. Реактор электр энергиясын өндірумен қатар қала мен өңірді тұщытылған теңіз суымен қамтамасыз етті. Келесі жоба БН-600 әлі күнге дейін осы үлгідегі жұмыс істеп тұрған реакторлардың ішіндегі әлемдегі ең ірісі болып қала береді. Бүгінде бұл технологиялар тұйық отын циклінің кілті ретінде қарастырылады. Африкантов 53 жыл ғұмыр кешіп, қазіргі атом саласының үш тірегін қалады: азаматтық атом флоты, шапшаң реакторлар және уранды байытудың өнеркәсіптік базасы. 1950 жылдары ол тоғыз өнеркәсіптік уран-графит реакторы мен бес ауыр сулы реакторды жобалауға да басшылық етті. Технологиялардың бір бөлігі шетелге, Қытай мен Югославияға берілді.

Views over time

020040021 Oct 04:4313 Nov 04:5742721 Oct 04:43: 0 views13 Nov 04:57: 427 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
21 Oct 2026, 04:430
13 Nov 2026, 04:57427

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.