Атом саласының ардагерлері Алматыда Қазақстан атом энергетикасының болашағын талқылады 14 қазанда Алматыда «Росатомның» және «Росатом» Қоғамдық кеңесінің қолдауымен Атом энергетикасы мен өнеркәсібі ардагерлерінің халықаралық одағының халықаралық конференциясы өтті. Оған Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия, Моңғолия және басқа да елдердің өкілдері қатысты. Қатысушылар уран мен сирек металдарды өндіру және өңдеу саласындағы ынтымақтастықты, өнеркәсіпте жасанды интеллектіні қолдануды, уран қорларын басқарудың заманауи әдістерін, ядролық білімді сақтау мен инженерлік кадрларды даярлауды талқылады. Қазақстандағы атом энергетикасының дамуына және сала бағдарламаларын қоғаммен келісуге ерекше назар аударылды. Қатысушылар кәсіби білімді таратуда және атом энергетикасының қоғамдық қабылдануын арттыруда ардагерлер қозғалысының рөлін атап өтті. Ұсыныстардың бірі – Одақтың қолдауымен Қазақстан атом энергетикасын дамытуға арналған семинарларды жыл сайын өткізу. «Сала ардагерлері кәсіби құзыреттерді жас буынға беруге, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және ядролық индустрия алдында тұрған міндеттер туралы ортақ түсінік қалыптастыруға елеулі үлес қоса алады», – деп атап өтті Одақ төрағасының орынбасары, жауапты хатшысы Виталий Лебеденко. Ветераны атомной отрасли обсудили в Алматы будущее атомной энергетики Казахстана 14 октября в Алматы при поддержке «Росатома» и Общественного совета «Росатома» прошла международная конференция Международного союза ветеранов атомной энергетики и промышленности (МСВАЭП). В ней приняли участие представители России, Казахстана, Таджикистана, Узбекистана, Турции, Монголии и других стран. Участники обсудили сотрудничество в добыче и переработке урана и редких металлов, применение искусственного интеллекта в промышленности, современные методы управления запасами урана, сохранение ядерных знаний и подготовку инженерных кадров. Отдельное внимание уделили развитию атомной энергетики в Казахстане и согласованию с обществом программ развития отрасли. Участники отметили роль ветеранского движения в передаче профессиональных знаний и повышении общественной приемлемости атомной энергетики. Одним из предложений стало ежегодное проведение при поддержке МСВАЭП семинаров, посвящённых развитию атомной энергетики Казахстана. «Ветераны отрасли могут внести значительный вклад в передачу профессиональных компетенций молодому поколению, развитие международного сотрудничества и формирование общего понимания задач, стоящих перед ядерной индустрией», — отметил заместитель председателя, ответственный секретарь МСВАЭП Виталий Лебеденко.