Обнинскіде авариялық дайындық жөніндегі XX халықаралық ядролық форум өтті Әлемдегі алғашқы АЭС салынған Обнинск қаласында «Ядролық технологиялар қауіпсіздігі: авариялық дайындық және ден қою» атты мерейтойлық XX халықаралық ядролық форум аяқталды. Оны «Росатомның» Техникалық академиясы ұйымдастырды. Форумға Ресейден 100-ден астам маман, сондай-ақ МАГАТЭ, Беларусь ТЖМ, Иран мен Мысыр өкілдері қатысты. Қатысушылар роботтар мен ұшқышсыз аппараттарды қолдануды, радиациялық жағдайды болжау үшін жасанды интеллектті пайдалануды, Кола АЭС-індегі авариялық оқу-жаттығулар тәжірибесін, дағдарыс кезіндегі коммуникацияны және жеке қорғаныштың заманауи құралдарын талқылады. «Бүгінде “Росатомның” авариялық ден қою күштері 17 кәсіби авариялық-құтқару құрылымы мен 70 штаттан тыс құрылымнан тұрады, олардың жалпы саны 3000-ға жуық адам», – деді «Росатом» департаменті директорының орынбасары, авариялық дайындық және азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы Роман Тюрин. Форум Чернобыль апатының 40 жылдығы атап өтілетін жылы өтті: сол тәжірибе авариялық ден қоюдың қазіргі жүйесінің негізіне айналды.