Росатом Центральная Азия

@rosatom_ca · tech · Kazakh · active

Subscribers 702 tracking since 13 Nov
Reach per post (ERR) 49.9%350 avg views
Posting 2.7/day last 16 hours ago
Reactions per 1K views 17.0 🔥 ⚡ ❤

АЭС құрылысы басталғанға дейін қандай жұмыс атқарылады? Құрылыс алаңына алғашқы техника келгенге дейін ұзаққа созылатын жүйелі дайындық жұмыстары жүргізіледі. Әрбір кезең алдыңғысының нәтижесіне сүйенеді, сондықтан алдын ала дайындық жұмыстарының кем дегенде бір кезеңі орындалмаса, құрылысқа лицензия алу мүмкін емес. Геологиялық зерттеулер. Мамандар топырақтың әртүрлі тереңдіктегі құрамын зерттейді. Бұл деректер станция іргетасының қалай жобаланатынын және алаң үшін қандай инженерлік шешімдер қажет болатынын анықтайды. Инженерлік ізденістер. Келесі кезеңде өңірдің ұзақ мерзімдегі сейсмикалық белсенділігі, іргелес аумақтың су режимі, жыл бойғы температуралық жағдайлары, жел жүктемелері мен жауын-шашын көлемі зерттеледі. Қазіргі уақытта дәл осы кезең Балқаш АЭС-інің болашақ алаңында, Үлкен ауылында жүргізілуде. Соңғы мәліметтерге сәйкес, жұмыстардың дайындық деңгейі шамамен 95%-ды құрайды. Экологиялық зерттеулер. Бұл кезеңде болашақ станцияның жергілікті экожүйеге, соның ішінде су ресурстары мен айналадағы аумақтың биоалуантүрлілігіне ықтимал әсері бағаланады. Жобалау. Алдыңғы кезеңдердің барлық деректері жиналып, жан-жақты талданғаннан кейін ғана инженерлер типтік технологиялық жобаны нақты алаңның геологиялық, сейсмикалық және климаттық ерекшеліктеріне бейімдейді.

Views over time

05010015020020 Jul 15:0213 Nov 04:5716420 Jul 15:02: 0 views13 Nov 04:57: 164 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
20 Jul 2026, 15:020
13 Nov 2026, 04:57164

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.