Росатом Центральная Азия

@rosatom_ca · tech · Kazakh · active

Subscribers 702 tracking since 13 Nov
Reach per post (ERR) 49.9%350 avg views
Posting 2.7/day last 16 hours ago
Reactions per 1K views 17.0 🔥 ⚡ ❤

🚢 Қазақстандық мектеп оқушысы атом мұзжарғышымен Солтүстік полюске аттанады 🌍 «Росатомның» қолдауымен ұйымдастырылған «Білім мұзжарғышы» халықаралық ғылыми-ағартушылық жобасының жетінші маусымы өз мәресіне жетті. Жеңімпаздардың қатарында Қарағанды қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Анна Рагозина бар. Тамыз айында ол «50 лет Победы» атом мұзжарғышымен Солтүстік полюске экспедицияға қатысады. 📚 Биыл жобаның халықаралық бағытына 21 елден 14–16 жас аралығындағы 5 мыңға жуық оқушы қатысты. Ең көп өтінім дәл Қазақстаннан келіп түсті — 945 қатысушы, бұл жобаға қатысушы барлық елдер арасындағы рекордтық көрсеткіш болды. 💬 «Бала кезімнен ғылым мен жаңалықтар мені шабыттандырып келеді. Сондықтан Арктикаға барып, атом технологияларымен танысу мүмкіндігі мен үшін ерекше мәнге ие. Білім мен технологияның көмегімен әлемді жақсы жаққа өзгертуді мақсат еткен жоба аясында Қазақстанның атынан қатысатынымды мақтан тұтамын. Бұл экспедицияны үлкен тағатсыздықпен күтіп жүрмін және елімді лайықты таныстырып, Отаныма жарқын әсерлер мен жаңа білім алып ораламын деп үміттенемін», — деді Анна Рагозина.

Views over time

010020030026 Jun 12:0013 Nov 04:5729226 Jun 12:00: 0 views13 Nov 04:57: 292 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
26 Jun 2026, 12:000
13 Nov 2026, 04:57292

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.