Росатом Центральная Азия

@rosatom_ca · tech · Kazakh · active

Subscribers 702 tracking since 13 Nov
Reach per post (ERR) 49.9%350 avg views
Posting 2.7/day last 16 hours ago
Reactions per 1K views 17.0 🔥 ⚡ ❤
edited

«Росатом» Бангладештегі алғашқы атом электр станциясын іске қосты «Руппур» АЭС-тің бірінші энергия блогына жаңа ядролық отынды тиеу басталды. Реактордың белсенді аймағына 163 жылу бөлгіш жиынтық тиеледі. Одан кейін реактор қуаттың ең төменгі бақыланатын деңгейіне шығарылады, содан соң оны біртіндеп арттыру процесі басталады.Келесі кезең-өндірілген электр энергиясы Бангладештің электр желісіне түсе бастаған кездегі энергетикалық іске қосу. 🗣Алексей Лихачев, «Росатома» бас директоры Бүгін Бангладеш бейбіт атомды тұрақты дамудың сенімді көзі ретінде пайдаланатын мемлекеттер клубына мүше болды. Күмәнсіз, «Руппур» АЭС елдің энергетикалық жүйесінің маңызды элементіне айналады. «Росатом» үшін бұл жоба – әлемдік атом энергетикасын дамытудағы, шетелдік серіктестерімізбен достық қарым-қатынасты нығайтудағы кезекті маңызды қадам. Біз бенгалдық достарымызбен бірге заманауи және сенімді атом станциясын құруға қатысқанымызға және ынтымақтастығымыздың одан әрі келешегін көргенімізге қуаныштымыз. Факир Махбуб Анам, Бангладештің ғылым және технологиялар министрі Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану ұлттық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, индустрияландыруды жеделдетуде және технологияға негізделген экономиканы дамытуға жәрдемдесуде шешуші рөл атқарады. «Руппур» АЭС-тің жобасы Бангладештің ғылыми прогресінің символы ретінде қызмет етеді және елдің озық технологияларды жауапкершілікпен және тиімді игеруге дайындығы мен қабілетін көрсетеді.

Views over time

020040028 Apr 12:1113 Nov 04:5738228 Apr 12:11: 0 views13 Nov 04:57: 382 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
28 Apr 2026, 12:110
13 Nov 2026, 04:57382

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.