Росатом Центральная Азия

@rosatom_ca · tech · Kazakh · active

Subscribers 702 tracking since 13 Nov
Reach per post (ERR) 49.9%350 avg views
Posting 2.7/day last 16 hours ago
Reactions per 1K views 17.0 🔥 ⚡ ❤

2025 жылғы 17 желтоқсанда Ташкент қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі Комиссиясының XXVI отырысы өтті. Кездесудің негізгі назарында — 2025 жылдың қорытындылары және бейбіт атом саласындағы ынтымақтастықты дамытудың алдағы қадамдары болды. Мемлекетаралық бағдарламаларға ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, Қырғызстан мен Тәжікстандағы уран өндіруден зардап шеккен аумақтарды рекультивациялау жұмыстарын аяқтау, сондай-ақ ғылыми жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Бұл жобалардың қатарында Қазақстандағы материалтану токамагында жүргізіліп жатқан зерттеулер де бар. Қабылданған шешімдер ТМД елдері арасындағы кооперацияны нығайтуға және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды дамытудың ұзақ мерзімді күн тәртібін қалыптастыруға бағытталған. Іс-шараға Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан делегациялары қатысты. 👌 Росатом Центральная Азия

Views over time

020040060019 Dec 10:2513 Nov 04:5755319 Dec 10:25: 0 views13 Nov 04:57: 553 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
19 Dec 2025, 10:250
13 Nov 2026, 04:57553

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.