Росатом Центральная Азия

@rosatom_ca · tech · Kazakh · active

Subscribers 702 tracking since 13 Nov
Reach per post (ERR) 49.9%350 avg views
Posting 2.7/day last 16 hours ago
Reactions per 1K views 17.0 🔥 ⚡ ❤

2025 жылғы 12 желтоқсанда Ресей Федерациясының Премьер-министрі Михаил Мишустин Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновпен және ғылым мен технологиялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Халықаралық конференцияға қатысушы елдердің делегация басшыларымен бірге Мәскеудегі «Атом» музейіне барды. Делегация құрамында сондай-ақ Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусьтің Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстанның Премьер-министрі әрі Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев, Тәжікстанның Премьер-министрі Кохир Расулзода болды. «Атом» музейі — ядролық технологиялардың тарихы мен қазіргі дамуына арналған әлемдегі ең ірі алаң. 2023 жылы ашылған сәттен бері музейге 80 елден 3,5 миллионнан астам адам келген. Экспозициялар саланың КСРО-ның ядролық қалқанын жасаудан бастап қазіргі заманғы технологияларға — медициналық изотоптарға, 3D-биобасып шығаруға, кванттық жүйелер мен ғарыштық жобаларға дейінгі даму жолын көрсетеді. Сапар Еуразиялық өңір елдерінің ғылыми-технологиялық ынтымақтастығын нығайтуға және перспективалы әзірлемелерді қолдауға бағытталған Халықаралық конференция аясында өтті. 👌 Росатом Центральная Азия

Views over time

020040013 Dec 04:0013 Nov 04:5738213 Dec 04:00: 0 views13 Nov 04:57: 382 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
13 Dec 2025, 04:000
13 Nov 2026, 04:57382

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.