Росатом Центральная Азия

@rosatom_ca · tech · Kazakh · active

Subscribers 702 tracking since 13 Nov
Reach per post (ERR) 49.9%350 avg views
Posting 2.7/day last 16 hours ago
Reactions per 1K views 17.0 🔥 ⚡ ❤

«Росатом» және Қазақстанның Ядролық физика институты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды 2025 жылғы 3 желтоқсанда «Росатом Құрылыc Технологиялары» (РТС) және ҚР Ядролық физика институты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат елдегі көпмақсатты зерттеу реакторын құру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды көздейді. Меморандум нені бекітеді: — Қазақстанда көпмақсатты зерттеу реакторы мен зертханалар кешені жобасын бірлесіп пысықтау; — бейбіт атом саласындағы ынтымақтастықты кеңейту. Қол қою рәсімі ҚР Атомдық энергия агенттігінің қолдауымен Алматыда Ядролық физика институты базасында өткен сарапшылар мен ғылыми қауымдастыққа арналған техникалық семинар аясында өтті. Негізгі мәлімдемелер: Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы: «Ядролық физика институтында зерттеу реакторын салу, сондай-ақ Ұлттық ядролық орталықтағы ұқсас жобаны іске асыру – заманауи технологияларды дамыту, кадрлар даярлау және ғылыми-өндірістік мүмкіндіктерді кеңейту жолындағы маңызды қадам. Қазақстан әртүрлі технологиялық шешімдерге ашық және әлемдік тәжірибені ескере отырып, ең оңтайлы конфигурацияларды қарастыруға дайын». Илья Вергизаев, «РТС» ЖШС бас директоры: «Елде зерттеу реакторын және Ядролық ғылым мен технологиялар орталығын (ЯҒТO) құру жобалары атом саласы үшін мамандар даярлау мен ғылыми-өндірістік базаны кеңейту сияқты бірқатар маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді». РТС компаниясы туралы: РТС – «Росатомның» негізгі дивизиондарының бірі, медицина, ғылым және өнеркәсіп объектілерін жобалау және салуға маманданған. Компанияның құрамында зерттеу реакторлары мен зертханаларды қамтитын Ядролық ғылым мен технологиялар орталықтарын (ЯҒТO) құруда ауқымды тәжірибесі бар. 👌 Росатом Центральная Азия

Views over time

01002003004008 Dec 11:5113 Nov 04:573488 Dec 11:51: 0 views13 Nov 04:57: 348 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
8 Dec 2025, 11:510
13 Nov 2026, 04:57348

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.