Росатом Центральная Азия

@rosatom_ca · tech · Kazakh · active

Subscribers 702 tracking since 13 Nov
Reach per post (ERR) 49.9%350 avg views
Posting 2.7/day last 16 hours ago
Reactions per 1K views 17.0 🔥 ⚡ ❤

Қазақстан өнеркәсіп пен технология саласындағы әйел-көшбасшыларды II Халықаралық конгрессте біріктіреді Қашан? 2025 жылғы 9 желтоқсан, Астана уақытымен 10:00 Қайда? Астана қ., Қазақстан Республикасы, Sheraton Astana Hotel 5 (офлайн және онлайн формат) «Росатом» Мемлекеттік корпорациясының Әйелдер қауымдастығы, Қазақстанның Ядролық қоғамы және WiN Kazakhstan өнеркәсіп пен технология саласындағы әйелдерге арналған II Халықаралық конгресске шақырады. Конгресс екі елдің атом өнеркәсібіндегі әйелдер қауымдастықтары арасында қол жеткізілген келісімдерді іске асыруға арналған маңызды алаң болмақ. Талқылау тақырыптары: Әйелдердің мүддесіндегі ұлттық стратегиялар: Әйелдерді өнеркәсіп секторына интеграциялау бағдарламалары қалай жүзеге асуда? Қолдау жүйесі мен кадрлық стратегиялар: Қандай мемлекеттік қолдау шаралары мен салалық бастамалар тиімді? Бизнес тұрақты кадр саясатын қалай құрады? Жұмысшы және техникалық мамандықтарды танымал ету: Қоғамдағы қабылдауды қалай өзгертеміз және стереотиптерді қалай бұзамыз? Сәтті жобалардың мысалдары. Әйелдердің кәсіби қауымдастықтарының рөлі: Олар индустриядағы өзгерістердің қозғаушы күшіне және гендерлік саясат мақсаттарына жетудің құралына қалай айналады? Елдер арасындағы кооперация мүмкіндіктері: Әйелдерді өнеркәсіп пен технологияларда қолдау мен дамытуға бағытталған халықаралық серіктестіктің ертеңгі трендтері қандай? Қазақстан Республикасындағы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өнеркәсіптің жұмысшы мамандықтарында еңбек етіп жүрген әйелдермен ашық диалог өтеді: қазіргі технологиялық экономиканың әйел бейнесі қандай? Іс-шара «Росатом» Мемлекеттік корпорациясының және Еуразиялық әйелдер форумының Кеңесінің қолдауымен өтеді. Диалогқа қосылыңыз. Алдын ала тіркелу қажет: https://forms.yandex.ru/u/6911988b1f1eb5f954233368 👌 Росатом Центральная Азия

Views over time

010020030028 Nov 09:5013 Nov 04:5730628 Nov 09:50: 0 views13 Nov 04:57: 306 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
28 Nov 2025, 09:500
13 Nov 2026, 04:57306

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.