Қазақстан – Түркиядағы «Росатом» халықаралық турнирінде 21–22 қазан күндері Түркияның Мерсін провинциясында, елдегі алғашқы атом электр станциясы — «Аккую» АЭС-інің құрылыс алаңының жанында, «Росатом» мемлекеттік корпорациясы ұйымдастырған үшінші халықаралық балық аулау турнирі өтті. Турнирге «Росатоммен» бірге атом жобаларын жүзеге асырып жатқан немесе жоспарлап отырған жеті елдің өкілдері қатысты: Қазақстан, Өзбекстан, Венгрия, Мысыр, Оңтүстік Африка Республикасы, Түркия және Индонезия. 🏆Турнирдің жеңімпазы — Венгрия командасы, ал екінші және үшінші орындарды тиісінше Индонезия мен Мысыр иеленді. 📍Қатысушыларға салынып жатқан «Аккую» АЭС-і, түрік инженерлерін даярлауға арналған оқу-жаттығу орталығы және станцияға жабдықтар қабылданатын теңіз жүк терминалы көрсетілді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар мәдени бағдарлама өткізді: қонақтар Мерсіннің тарихи орындарын аралап, Түркияның алғашқы АЭС бой көтеріп жатқан өңірдің табиғатымен танысты.
Росатом Центральная Азия
Subscribers
702
tracking since 13 Nov
Reach per post (ERR)
49.9%350 avg views
Posting
2.7/day
last 16 hours ago
Reactions per 1K views
17.0
🔥 ⚡ ❤
Views over time
| When | Views |
|---|---|
| 31 Oct 2025, 07:43 | 0 |
| 13 Nov 2026, 04:57 | 236 |
Who shared this post
Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)
Nobody yet.