Росатом Центральная Азия

@rosatom_ca · tech · Kazakh · active

Subscribers 702 tracking since 13 Nov
Reach per post (ERR) 49.9%350 avg views
Posting 2.7/day last 16 hours ago
Reactions per 1K views 17.0 🔥 ⚡ ❤

15 қазанда Алматы қаласында атом саласының 80 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараны Қазақстанның Ядролық қоғамы қауымдастығы ҚБТУ базасында ұйымдастырды. Жиынға Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігінің өкілдері, ғалымдар, ардагерлер, сарапшылар, журналистер, студенттер және ТМД елдерінен келген қонақтар қатысты. Спикерлер өз сөздерінде ортақ ойды атап өтті: бейбіт атом – тұрақты даму мен энергетикалық қауіпсіздіктің кепілі. Бүгінде ядролық технологиялар медицинада, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіп пен ғарыш саласында кеңінен қолданылып, адамдардың өмірін қауіпсіз әрі жайлы етуге ықпал етуде.Атом саласының ардагерлеріне өз ісіне адалдығы үшін марапаттар мен алғыс хаттар табысталды. Бұл мерейтой – ұрпақтар сабақтастығының және Қазақстанның халықаралық ядролық қауымдастықтағы сенімді серіктес ретіндегі беделінің символы болды.

Views over time

010020030020 Oct 10:0313 Nov 04:5728120 Oct 10:03: 0 views13 Nov 04:57: 281 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
20 Oct 2025, 10:030
13 Nov 2026, 04:57281

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.