Шымкентте Тіленшин көшесіндегі теміржолдың үстінен салынған жаңа автокөлік өткелі техникалық тұрғыда ашылып, автокөліктердің қозғалысы іске қосылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жақын маңдағы елдімекендердің тұрғындары қатысты. Айта кетейік, Мемлекет басшысының Шымкент қаласының көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Момынов және Тіленшин көшелеріндегі өткелдердің негізгі құрылысы өткен жылы басталған. Жобалар қаланың аудандары арасындағы байланысты күшейтуге, көлік қатынасын жақсартуға және қозғалысқа қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.